Главная Новости

Жас музыканттар сыйы

Опубликовано: 03.11.2018

04.12.2015

Жас музыканттар сыйы

Алматыда 80 жылдан астам тарихы бар Қазақстандағы кәсіби музыкалық өнер мен музыкалық білім беретін қасиетті қара шаңырақ – П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты концерт өтті. Кеш қонақтары арасында Қазақстан ұлттық федерациясы ЮНЕСКО клубының бас директоры Сабина Чукаева, «Дәуір» баспасының директоры Светлана Назарбаева , әйгілі балуан Дәулет Тұрлыхановтың анасы, «Құрмет» орденінің иегері , Мәрзия Тұрлыханова, қалалық мәслихаттың депутаты Дәулет Әбенов , «Отырар сазы» оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Дінзухра Тілендиева, «Нұр Отан» партиясы жауапты хатшысының көмекшісі Қанат Мұсақұлов , т.б. болды.

Біз білім ордасының ғимаратына жақындай бергенде-ақ музыканың сазды әуені құлаққа жағымды естіле бастады. Ішке кірсек, фойе мен дәліз мерекедегідей безен­ді­ріл­ген. Келген қонақтарды ұлт­тық киімдегі қыздар қарсы алса , Геор­гий Тихоновтың жетек­шілі­гін­дегі студенттік үрмелі оркестр клас­сикалық шығармалар орындап, ке­ремет көңіл-күй сыйлады. Әуез­ді музыканы сағынғандықтан ба , қо­нақтар жиналғанша Үлкен концерт залына кірмей біраз уақыт жас орындаушылардың өнерін тамашалап тұрдық. Өйткені, орындау шеберліктері құдды кәсіби атақты оркестрден бір кем емес еді.

– Бүгін біздің білім ордасында ерекше күн, – деді салтанатты кешті ашқан колледж директоры Біржан Хасанғалиев. – Міне, осы айтулы күнде әрқайсымыз Елбасының Қазақстан халқына, еліне жасаған жақсылығын атап көрсетуіміз керек. Олай дейтініміз , Қазақстан тәуелсіздік алған небәрі 24 жылда үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Экономикалық, саяси, халықаралық байланыстар да жаңа деңгейге көтеріліп , қазіргі таңда Мемлекет басшысының реформалары арқасында еліміздің дүние жүзіндегі беделі күннен-күнге арта түсуде. Ұлттық музыкамыз да биік шыңдарды бағындыруда. Өйткені, Нұрсұлтан Әбішұлының өнерге, жалпы музыкаға деген көзқарасы өте жоғары. Қашанда еліміздің рухани саласын қолдап , әрдайым қамқорлығын көрсетіп жатады. Сондықтан да Елбасына құрмет ретінде бүгінгі концерттік бағдарламада ол кісінің жақсы кө­ретін әндерін таңдадық.

Концерт шымылдығы сту­дент­тік қазақ халық аспаптары оркес­трінің орындауындағы Түркештің «Көңіл ашар» күйімен ашылды. Ал әннен шашу шашқан Елбол Қуанбек, Ақжігіт Дәулетбек, Гау­хар Сардарбек, Балауса Ерта­лина «Жа­са Қазақстан» әнін құйқыл­жыта салса, Елбасының сүйіп тың­дай­тын «Весна на Заречной улице» кино­фильміндегі «Туған көше» әнін «Эстрадалық ән салу» бөлімінің студенті Ерназар Токе жүрекпен, нақышына келтіре жеткізді. Колледж студенті , жапон қызы Аяка Мукаяма гитарада Юкид­жиро Йоко варияция­ларын тарту етсе, Сабыржан Мана­­шев жетекшілік ететін ұйғыр ха­­лық аспаптары ансамблі «Кой­луң­да бахар» күйін орындап, көрер­мендерді бір желпінтіп тас­тады. Сондай-ақ , «Жігер» домбыра­шы­лар ансамбліне, Астор Пьяцол­ланың «Либертангосын» орын­даған Евгений Ястремский (гитара), Рафис Зарипов (аккордеон), Асан Нарботаевтарға (гитара), «Үш қоңыр» әнін екі дауыста жеткіз­ген вокалдық дуэтке де залда отырғандар ұзақ қол соғып , ықыластарын білдірді.

Өз кезегінде қонақтар атынан сөз алған ұлағатты ұстаз Мәрзия Тұрлыханова апай 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні еліміздегі айрықша мерекенің бірі екенін, сол айтулы күнді үлкен дәрежеде өткізіп отырған колледж ұжымына рахмет айта келіп , талантты балаларға аналық тілегін білдірді.

– Елбасымыз қазақ деген халықтың маңдайына біткен ұлы тұлға. Ендеше, Тұңғыш Прези­денттеріңіз қалай оқыса, сендер де солай оқыңдар деп тілеймін. Қа­лай еңбек етсе , солай еңбек еті­ңіздер. Ол кісі өмір жолын кере­мет атшаптырым кабинеттен бас­таған жоқ. Қарапайым қара жұмыс­тан бастап, маңдай терін тө­гіп, қиындықтың бәрінен өтті. Яғни, ең­бекпен шыңдалған адам. Ал қан­дай адам шыңдалады? Тек қана шы­даған адам. Сондықтан сіз­дерді қандай жағдайда да шыдам­ды, төзімді болуға шақырамын. Бар­лық қиындықты жеңе біліп, бір-бірлеріңе қайырымды , жанашыр, тату бола біліңдер. Сонан соң оқу ке­рек. Көп оқыған адам ғана үлкен же­тістікке жетеді. Өздерің біле­сіңдер, Елбасымыз «сегіз қыр­лы, бір сырлы» жан. Керек жерін­де қазақтың қара домбырасын қо­лына алып, әдемі қоңыр дауысымен ән де салады. Иә, сендер жас­тар – біздің келешегімізсіңдер. Енде­ше, Елбасы бастаған саясатты қол­дап, Мәңгілік Елді жайнатуға үлес қос­саңыздар деймін, деді ардақты ана.

Кеш соңында Нұрсұлтан Назар­баевтың сөзіне жазылған «Елім менің» әнін халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен және «Академиялық ән салу» бөлі­мінің хорымен Ерназ Халықов нақышына келтіре орындады.

Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».  
rss