Главная Новости

А. ысмайылова, Экономика факультетінің деканы, экономика ғылымдарының кандидаты

Опубликовано: 03.11.2018

Арқа ажары. – 2012. - №89.-21 шілде

А.ЫСМАЙЫЛОВА, Экономика факультетінің деканы , экономика ғылымдарының кандидаты.

М.ҚАСЫМБЕКОВА, «Қаржы» кафедрасының оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты.

Қазақ агротехникалық университеті –

өңіріміздегі ең байырғы оқу орны

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің  құрылғанына биыл 55 жыл толғалы отыр. Білімнің қара шаңырағы осы уақыт ішінде 50 мыңға жуық түлекке үлкен өмірге жолдама берген екен. Рас, бұл жылдары оқу орнының атауы да бірнеше рет өзгертілді. Алайда, оның қоғамдағы беделі мен орны биіктемесе, төмендеген жоқ. Білім ордасы әрдайым ел экономикасы , мәдениеті, ғылымы мен білімінің дамуына сүбелі үлес қосып келеді.

Университет өткен мерзім ішінде ауыл шаруашылығы , техникалық мамандықтармен қатар, білім беру , өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік және бизнес салалары бо-йынша да жоғары білім беретін көпсалалы оқу орнына айналды. Оқу орнының қабырғасынан қанат қағып ұшқан түлектердің дені бұл күнде ғалым, ұстаз ретінде әйгілі болып , облысымызды өркендету ісіне белсенді атсалысуда. Бұлардың қатарына экономика ғылымдарының докторы, Көкшетау экономика және менеджмент университетінің профессоры Б.Жүнісов, Астана қаласындағы аудиторлар палатасының төрағасы Б.Балтабаев, Шортанды ауданындағы тәжірибе шаруашылығының директоры Е.Молдашев, Қазақстан Республикасы Зейнетақы төлеу орталығының Қостанай облыстық филиалының директоры М.Мырзабекова, Астана қаласындағы «Агрофирма Астық» акционерлік қоғамының президенті М.Қамзебаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Б.Смайылов, Т.Өмірзақов,

Т.Яковлеваны қосуға болады. Осынау абзал азаматтар университет бітірушілерді жұмысқа орналастыруға , мектеп түлектерінің білім алуына және аталмыш оқу орнында небір іс-шаралар өткізуге ұдайы қолдау мен көмек көрсетіп отырады.

Осы жылдар ішінде оқу орны Ресей, АҚШ, Германия , Франция, Түркия, Италия, Израил, Қытай, Моңғолия, Малайзия сияқты елдердің оқу-ғылыми орталықтарымен байланыс орнатты. Өзінің сапалық көрсеткіштерімен университет еліміздегі отызға жуық техникалық оқу орындары арасындағы ең үздік үштікке енеді. Оқытушыларымыз Шотландия , Германия, Бельгия, Голландия елдерінде ғылыми іс-тәжірибеден өтіп келді. Орталық және Шығыс Еуропа елдерін аграрлық дамыту институтымен бірлесіп Қазақстандағы егістіктерді сақтандыруды дамыту бойынша зерттеулер жүргізілді. Экономика факультетінде аграрлық дамудың экономикалық проблемалары орталығы жұмыс істеуде.

Студенттердің әлеуеттік мүмкіндіктерін табысты жүзеге асыруы үшін жан-жақты жағдай жасалған. Экономика , менеджмент, қаржы, маркетинг мамандықтары бойынша магистратурада ғылыми зерттеулер жүргізу үшін мүмкіндік мол, ғылыми жұмыстармен айналысатын студенттер үшін ғылыми мектептер жұмыс істейді.

Экономика факультетінің студенттері жыл сайын өткізілетін ғылыми жұмыстар байқауы , конференцияларға белсенді қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Айталық, биыл біздің түлектер Мәскеудегі К.Тимирязев атындағы академияда өткен жас ғалымдардың ғылыми жұмыстары халықаралық байқауында алтын , күміс және қола медальдарды жеңіп алды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберінде жүргізіліп, оларды жүзеге асыруға студенттер де қатысады. Жыл сайын факультет түлектері Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық “Болашақ” стипендиясының иегері атануда. Сондай-ақ, студенттер жастар ісі комитеті , Қазақстанның студент жастары альянсінің қоғамдық жұмыстарына да белсене қатысады. Ал, Антон Понамарев, Максим Войеков , Вадим Зозуля, Рустам Яргалиев , Илья Коптеловтар – «Астана арыстандары» құрама командасының мүшелері, баскетболдан Қазақстан Республикасының екі мәрте чемпиондары. М.Ақшалов Пекин олимпиадасына қатысса, Данияр Төлегенов жасөспірімдер арасындағы 2006 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Данияр Тоқбаев 2006 жылғы бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері, Данияр Елеусінов биыл Лондонда өтетін Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Білім және ғылым салаларын интеграциялау – олардың міндеттері мен ресурс-тарының әр тектілігіне , құқықтық және экономикалық негіздерінің дайын еместігіне байланысты өте күрделі жүретін және жан-жақты ойластыруды қажет ететін процесс.

Мемлекетіміздің “Қазақстан-2030” стратегиялық даму бағдарламасын іске асыру жолдарының кешенді іс-шаралары арқылы айқындалуы бізді жүйелі жұмыс жасап, жоспарлы әрекет етуге шақырады. Елбасының Қазақстан хал-қына дәстүрлі Жолдауының саяси сипаты да осындай болса керек. Отандық білім мен ғылымды дамыту ісін әлемдік биік деңгейге көтерудің маңызына тоқтала келе , Н.Назарбаев осы құжатта: “Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек” деген қарапайым да келешегі кемел және білім кеңістігінде жүйе құра алатын қағида ұсынды. Біздің бүгінгі басты мақсатымыз – осы өміршең қағиданың аясында ұлт болашағы үшін аянбай еңбек ету. Олай болса, ұлт мүддесі үшін ұйыса алатын , шығармашылықпен жұмыс жасауға бейім ұрпақ тәрбиелеу, салмақты ой мен сабырлы әрекетті тұлғаны қалыптастыру ел тәуелсіздігін баянды ететін алдыңғы

кезектегі ортақ міндет.
rss